«Келісілді» «Бекітемін»
«Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола облысы
Бұланды ауданы бойынша білім басқармасының
білім бөлімі» ММ басшысы Бұланды ауданы бойынша
_______ Ә.Жолдыгулова білім бөлімінің Макинск қаласының
балалар – жасөспірімдер
шағармашылық орталығы»
МКҚК директоры
Калиев К.Б.___ ______
«Алтын қазына» аудандық балалар көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығының онлайн көрме-байқауын
өткізу ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Міндеттері:
4. Онлайн көрме-байқауды «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК өткізеді.
2. Онлайн көрме-байқауды ұйымдастыру уақыты мен орны
Онлайн Көрме-байқау 2021 жылдың 05 ақпанында ZOOM ғаламтор платформасы арқылы өткізіледі, сілтеме электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
Білім беру басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2021 жылдың 04 ақпанына дейін келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: makinddt@mail.ru. Анықтама телефоны: 8 (71646) 4-24-32, whatsapp 87472261022
3. Онлайн көрме-байқаудың қатысушылары
Онлайн Көрме-байқауға орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жалпы білім беретін мектептердің 10-13 жас, 14-17 жастағы білім алушылардың жұмыстары қабылданады. Жұмыстар авторлық (жеке) болуы қажет.
Әр қатысатын бала саны – 7 (әрбір номинацияға 1 қатысушыдан).
4. Онлайн көрме-байқауды өткізу шарты және тәртібі
Онлайн көрме-байқауда әрбір қатысушы келесі номинациялар бойынша ең көбі 3 жұмыс көрсете алады:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу,құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше.
Жұмысты онлайн-режимде қорғау барысында қатысушы мен оның жұмысы анық көрінуі тиіс.
Байқау жұмыстары келесі өлшемдермен бағаланады:
жұмыстың көрме номинациясына сәйкестігі;
ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;
жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;
ерекшелігі;
бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы.
Көрме жұмыстарын байқау өлшемдеріне сәйкес 10 баллдық жүйемен кәсіби әділ қазылар бағалайды. Әділ қазылардың шешімі хаттамада толтырылады.
5. Онлайн байқауға қатысушыларды марапаттау
Онлайн байқаудың жеңімпаздары білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталады
1-қосымша
«Алтын қазына» аудандық балалар көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығының онлайн көрме-байқауына қатысуға
ӨТІНІМ
№ р/н |
Қатысушының тегі, аты, жөні |
Күні, айы, туған жылы |
Білім беру ұйымы, сыныбы, курсы |
Номинацияның аталуы |
Жұмыстың аталуы |
Жетекшісінің тегі, аты, жөні (толық), байланыс телефоны (Whatsapp) |
|
|
|
|
|
|
|