"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Instagram арнасында тікелей эфирде сөйлеу. 2020-2021 оқу жылына арналған "Ашық бюджет" баяндамасының тақырыбы

06.05.2021

Қайырлы күн, құрметті тікелей эфир тыңдаушылары! Мен Макинск қаласының балалар -жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Қалиев Қазбек Борамбайұлы сіздердің алдарыңызда 2020-2021 оқу жылының ашық бюджеті туралы баяндама жасаймын

Балалар -жасөспірімдер шығармашылық орталығын ұстауға 2020 жылға бюджеттен 42 886 000 теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 38 886 000 теңге, Республикалық бюджеттен 4 000 000 теңге бөлінді.

Ақылы қызметтер бойынша түсімдер 90 000 теңге

262 434 теңге жалдау ақысын өтеу бойынша түсімдер.

2020 жылғы жалпы табыс 43 402 434 теңгені құрады

Жалақы қорына, оның ішінде әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарға 36 868 527 теңге ( 32 868 527 теңге жергілікті бюджет және 4 000 000 теңге республикалық бюджет жұмсалды )

Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар, оған электр энергиясы, байланыс, жылу қызметтері, жалға беру бойынша өтеу, қоқыс шығару, ассенизатор машинасы бойынша қызметтер 5 260 835 теңгені құрады.

Стадионға көмір сатып алуға 209846 теңге.

Жөндеу және қосалқы бөлшектер, автосақтандыру және автомобильді техникалық тексеру және бензин сатып алуға 528 229 теңге жұмсалды

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жұмысын жақсарту үшін шаруашылық және кеңсе тауарлары сатып алынды, сондай-ақ пандемия кезінде медициналық қорғау құралдары 740 844 теңге сомасына кварцты шамдар, бір реттік медициналық маскалар, антисептиктер және өзге де қорғау құралдары сатып алынды.

Толық жиынтықта компьютер және 445 000 теңге сомасына 2 принтер сатып алынды.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жұмыс істеуіне  90 000 теңге өзге де шығыстар оларға салықтар , қоршаған ортаға эмиссия бойынша шығындар енгізілген .

2.Жалпыға міндетті оқу қорынан қаражат бөлінген жоқ.

3. Демеушілік көмек.

Би конкурсына қатысу үшін "Аскоп"  ЖШС Бас директоры 200 000 теңге бөлді, себебі елде пандемия жүріп жатыр және барлық конкурстар онлайн режимде өтеді. 2020 жылдың соңында бұл ақшаға би ұжымы үшін   210 000 теңге сомасына 20 жұп халықтық туфли сатып алынды.

4. 2020 жылға әлеуметтік серіктестер болған жоқ.

2021 жылға бүгінгі күнге жергілікті бюджеттен 14 898 000 теңге бөлінді

Ақылы қызметтер бойынша 170 000 теңге.

Жалақы қорына, оның ішінде әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына 12 987 008 теңге жұмсалды.

Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар, оған электр энергиясы, байланыс, жылу қызметтері, жалға беру бойынша өтеу, қоқыс шығару, ассенизаторлық машина бойынша қызметтер 1 713 231,95 теңгені құрады.

Стадионға көмір сатып алуға 180 000 теңге.

17 759,53 теңге таза табыстың 1% - ын төлеу.

2. Жалпыға міндетті оқу қорынан қаражат бөлінген жоқ.

3. Демеушілік көмек көрсетілмеді.

4. 2021 жылға әлеуметтік серіктестер болған жоқ.

Біздің тікелей эфиріміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст