Облыстық пікір – талас турнирі
2019 жылдың 1-3 наурыз күндері «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының білім басқармасы мен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты: Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыстық шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.
Турнирдің қарарлары:
Турнирге қырық шамасы топ қатысқан. Турнир АПФ бойынша өткізілді.
Бұланды ауданынан Макин БШҮ «Шындық» тобы, құрамында Сембаева Лунара, Амангазина Аяуылым қатысқан. Шәкірттеріміз өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білді, нақты мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға тырысты. Өз еңбектері үшін балаларымыз сертификаттармен мен сыйлықтармен, жетекшісі алғыс хатпен марапатталанды.
Біз қатысқан үшін турнирдің ұйымдастырушыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз, ал балаларымызға сәттілік тілейміз.
«Қарым-қатынас психологиясы»
үйірмесінің жетекшісі Г.Нұрмағамбетова