Аудандық пікір-талас турнирі
2019 жылдың 15 наурыз күні Макин Балалар шығармашылық үйінде мектеп оқушылары арасында аудандық пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты: еліміздің өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы аудандық шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары қарастыру.
Турнирдің қарарлары:
- Бұл палата мектептегі енгізілген жаңартылған білім беру мазмұны өзін ақтады деп есептеді.
- Бұл палата оқушыларға ұлттық кодын енгізуінің ұтымды механизмін ұсынады.
Турнир КПФ бойынша өткізілді. Турнирге 5 топ қатысқан. Олар Макинск № 5 орта мектебі «Бала би» тобы, Елтай орта мектебі «Жігер» тобы, Б.Шолақ атындағы мектеп- лицейі «Алғырлар» тобы, мектеп-лицей «Аристократ» тобы, Қараөзек орта мектебі «Жарқын Болашақ» тобы.
Оқушылар өз ойларын сауатты жеткізе білді, нақты мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға тырысты. Қорытындыға келгенде, келесі нәтижелерге келдік: 1 орынға ие болған - Макинск № 5 орта мектебі «Бала би» тобы, 2 орынға ие болған - Елтай орта мектебі «Жігер» тобы , 3 орынға ие болған -Б.Шолақ атындағы мектеп- лицейі «Алғырлар» тобы.
Балаларымызға қатысқан үшін сәттілік тілейміз.
«Қарым-қатынас психологиясы»
үйірмесінің жетекшісі Г.Нұрмағамбетова