Облыстық байқауына қатысу
2019 жылы сәуірдің 12-13 Макин Балалар шығармашылық үйінің «Қарым-қатынас» және «Өлкетану» үйірмелердің тәрбиеленушілері «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отаныма деген менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауна қатысқан.
Байқаудың мақсаты: балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері арасында балалар мен жастардың басталарын дамытуға ықпал ету.
Байқауды Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы бірлесе отыра өткізді.
Әр ауданнан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан 4 білім алушы мен білім беру ұйымының педагогтары қатысқан. Әр номинацияға 17 білім алушы қатысты.
Байқауға келесі номинацияларда дайындалып, қатысқан: «Менің бастауым – менің ауылыма» Айтмухамбетова Аянат (жетекші Бабан Л.С.), «Мен – Қазақстанның азаматымын» Амангазина Аяуылым (жетекші Нұрмағамбетова Г.С.), «Медиа жобалар» Малтаева Сания (жетекші Нұрмағамбетова Г.С.), «Қазақстанның жеті кереметі» (жетекші Бабан Л.С.). Әр тәрбиеленуші өз жобасын қорғап, өз қабілеттерін көрсетті. Әр уақытта балаларымызға сәттілік тілейміз.
Макин Балалар шығармашылық үйінің
«Қарым қатынас психологиясының» жетекшісі
Гуля Нұрмағамбетова