"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Акция "Час семьи"

02.05.2019

Отанды сүю – отбасынан басталады

   2019 жылы  сәуірдің 26-ы Макин Балалар шығармашылық үйінде «Отбасы сағаты» атты республикалық акция бойынша өткізілетін мерекелік іс-шарасы болды. Іс-шараның мақсаты: отбасылық тәрбие және отбасылық құндылықтар туралы түсінікті анықтау, балаларда үлкендерге құрмет пен сыйластық сезімін туғызу. Іс- шара  «Отанды сүю – отбасынан басталады»,  «Бала тәрбиесі – бесіктен», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық сөзінен басталды. Мерекеге әр үйірмелерден ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты. Олар: Каменовтар, Букарь, Жусуповтар, Сембаевтар, Мощановтар және Айбабиновтар отбасылар. Әр отбасы өз жанұя, жеті атасы, отбасылық мерекелер мен салт-дәстүрлер туралы әңгіме жүргізіп, әдемі қорғап шықты. 

Мереке өте қызықты, көңілді өтті. Іс-шараның соныңда әр жаңұя белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Келіп қатысқан отбасыларға алғыс білдірдік.  Әр отбасымызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, қуаныш, амандық тілейміз.

 

                                                          Г.Нұрмағамбетова, педагог-психолог

 

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст