"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандығым-болашағым»!

06.02.2018

«Мамандығым-болашағым»!

  Еңбек қызметінің қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті  талап ететін маңызды бөлігі – ол мамандық. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық

қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, түрлі мамандықтар келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруді

дамыту жөнінде былай деп атап өткен: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім

болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында». Жолдаудың осы жетінші міндетін жүзеге асыру

аясында, Бұланды ауданының «БШҮ» қызметкерлерібалалар арасында мамандық таңдау, оның маңыздылығын түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізді. Осы мақсатта, олар Бұланды ауданының мамандандырылған өрт бөлімінің  мекемесін аралап, өрт сөндіруші мамандығы жөнінде біршама мағлұматқа ие болды. Мұнда олар өрт сөндіруші мамандығы туралы, өрт қауіпсіздігі туралы, өрт пайда болған кезде ұстанатын қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Өрт бөлімінің қызметкерлері өртті сөндіру техникаларын, оларды пайдалану ержелерін түсіндірді. Балалар  оларды мұқият тыңдап, өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырын игеріп, қаншалықты жауапты іс екендігін түсінді. Балалардың ішінде бұл мамандыққа қызығушылық танытқандар да болды. Ауданымыздың

өрт қауіпсіздігіне жауапты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген аудандық өрт бөлімінің қызметкерлеріне де алғысымыз шексіз! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан

бідің болашағымыз да жастар», -деп бекер айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың қолында болғандықтан, біз өз мамандықтарымызды  дұрыс таңдауымыз керек! Бұл дегенімізөзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес,тағдырыңды таңдау,өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мұнда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Руководитель военно-патриотического клуба

Жаркынов Данабек Ерланулы

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст