Мамандық таңдау
Макин Балалар шығармашылық үйінде мамандық таңдау жөнінде іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты:
тәрбиеленушілердің өз кәсіби бағытын анықтау; міндеттері: балаларды түрлі мамандықтардың ерекшеліктермен таныстыру, мамандықтар әлемі туралы білімдерін кеңейту, тәрбиеленушілерді болашақ мамандық таңдауға дайындау. Іс-шараға барлық үйірмелер тәрбиеленушілері қатысқан. Әңгіме, тренинг, ойындар, жаттығулар, видеобейнелер, сұрақ- жауап арқылы балалар көптеген мамандықтармен таныстырылды. Іс-шара зерделі, қызықты өткізілді. Балаларға болашақ мамандық тандау үшін дұрыс қалау, шешімге бағыт берілді.
Нұрмағамбетова Г.С
педагог-психолог Макин БШҮ