Макин Балалар шығармашылық үйінде мектеп оқушылары арасында аудандық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнирдің мақсаттары: аудандық мектептік пікір-сайысты дамыту; Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылаумарқылы аудандық шәкірттерінің әлекметтік
және шығармашылық ораторлық шеберлікке үйрету, тыңдай білу қабілеті, қабылдау, талдау, ойды сауатты және жәлелді жеткізе білу;
оқушылардың білім деңгейін және сыни ойлау қабілетін жетілдіру. Турнирдің қарарлары: «Бұл
палата Бурабай курорттық аймағын насихаттаудың ең тиімді жолын ұсынады», «Бұл палата оқушылардың кәсіптік мамандықтарға деген қызыгушылығын арттырудың ұтымды механизмін ұсынады». Турнирге келесі топтары : № 5 орта мектебі «Бала би» тобы, Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі «Алғырлар» тобы, Макин мектеп-гимназиясы «Ақиқат» тобы, Елтай орта мектебі «Жалын» тобы, Макин мектеп-лицейі «Болашақ» тобы қатысқан. Әр топ пікір-сайыстың тақырыбын ашуға тірісті. Турнирдін қортындысы
бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды: 1 орынды Макин мектеп-гимназиясның «Ақиқат» тобы, 2
орынды Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі «Алғырлар» тобы, 3 орынды Елтай ОМ «Жалын» тобы иеленді. Әр оқушыға ауданымызда дамып келе жатқан пікір-сайыстарда сәттілік тілейміз.
Г.Нұрмағамбетова, Макин БШҮ үйірме жетекшісі