Туризм дүниежүзілік күніне арналған «Осенний листопад» аудандық туристтік слеті
Туризм дүниежүзілік күніне арналған «Осенний листопад» атты аудандық туристік слеті 15 ші Қыркүйек жұма күні өтті. Ауданымыз бойынша алты топ қатысты. Қатысқан: Балуан шолақ атындағы лицей, №3 орта мектебі, Мектеп лицейі, №5 орта мектебі, Қараөзек орта мектебі, Капитоновка орта мектебі. Әр топ ең мықты деген оқушыларын әкелген және топтардың дайындықтары өте жақсы болды. Жарысымыз өту барысында топтар өте ұйымшыл
белсенді қатысып жатты. Топтар күнделік жүргізіп, әр қадамын күнделікке жазып отырды және презентация өткізді. Белгіленген жерімізге жеткеннен кейін топтар өз шатырларын орналастырды. Орналасқаннан кейін ең қызықты және тартымды Эстефаталық жарысымызды бастадық. Эстафета біткеннен кейін бард әнінің конкурсі болды. Аудандық
туристтік слет қызықты және танымді болып өтті. Нәтижесі: I –Қараөзек орта мектебі, II- Капитоновка орта мектебі,
III-Мектеп Лицей. Қатысқан командалар грамоталармен марапатталынған.
«Туризм» үйірмесінің жетекшісі - Шешхан Аманбек