Білім беру
мекемелеріндегі тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы
Макин мектеп-лицейінде «Аудандық білім бөлімі» ММ-мен ұйымдастырылған «Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» атты аудандық байқауы өткізілді. Конкурс білім беру жүйесінде тәрбиені дамытудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жаңарту, тәрбие қызметінің заманауи түрлері мен әдістерін енгізу, білім беру мекемелерінің тәрбие әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Конкурстың міндеттері: білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибешілігінде пайдаланылатын өзекті
және болашақтық тәрбие әдістерін анықтау; отандық дәстүрлер мен заманауи тәжірибе негізінде тәрбие қызметінің мазмұны мен құрылымын жаңалау; білім беру мекемелерінің қалыптасқан тәрбие жүйесінің ақпараттық дерегін құру; педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіптік шеберлігін арттыру; педагог қызметкерлердің тәрбие аймағындағы және тәрбие жүйесін құрудағы инновациялық қызметін қолдау мен дем беру;білім беру мекемелерінде тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ғылым мен практиканың өзара әрекетін іске асыру; білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесін құру мен қызметтендіру маңыздылығына педагогикалық қоғамдастықтың назарын аудару.
Конкурс қорытындылары мына номинациялар бойынша болды: «Мектепке дейінгі білім берудің тәрбие жұмысының үздік жүйесі»; «Жалпы орта білім беру мекемесінің тәрбие жұмысының үздік жүйесі»; «Қосымша білім берудің тәрбие жұмысының үздік жүйесі»; «Мәңгілік Ел» (патриоттық); «Жасыл ел»
(экологиялық); «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»; «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды» (Кеңес Одағы халқының 1941 – 1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына орай).
Ауданнан 20 мұғалім қатысқан. Қосымша білім мекемесінен Макин Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім педагогтары байқауға қатысты. Олар: Нұрмағамбетова Гуля Сайлыбекқызы («Дебат» үйірмесінің жетекшісі), Матарыкина Галина Юрьевна («Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі), Ильина Алена
Сергеевна («Сиқырлы қылқалам» үйірмесінің жетекшісі). Әр педагог өз бағдарламасын ұсына тырысты.
Байқау тақырыпқа сәйкестігі, композициялық шешімі, бастамалардың түпнұсқалығы және жаңашылдығы, авторлық олжалар мен шешімдердің болуы осындай критерияларымен бағаланды.
Қорыта келе, Галина Юрьевна мен Алена Сергеевна белсенді қатысқан үшін сертификатқа ие болды, Гуля Сайлыбекқызы 3 орын иеленгені үшін мадақтамамен марапатталды.