"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туризм- ең маңызды спорт түрі

05.05.2017

Туризм- ең маңызды спорт түрі

       Қазіргі таңда елімізде туризм саласы дамытуда. Туризм спорт түрі ретінде, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлесі мен пайдасы өте зор. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Туризммен айналасқандар денсаулығын жақсартады, күш-қуатын қалпына келтіреді. Балалар туризмі - мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына, туған өлкені танып-білуге, мектепте алған дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсартудағы білімін молайту мақсатында жүргізілетін саяхатшылық сапарлар. Балалар мен жасөспірімдерді туризмге үйрететін ұжымдарың мақсаттары мен міндеттері: салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық - өлкетанымдық және спорттық шеберліктің деңгейін жақсарту.

Макин Балалар шығармашылық үйінде «Туризм» үйірмесіне 15 тәрбиеленуші бар.Сондай-ақ тобымызға әр мектептен келетін оқушылардың саны күн сайын артып отырады. Бұл мен үшін үлкен қуаныш,жетістік. Жыл сайын балаларымыз облыстық жарыстарға, облыстық слеттерінде қатысады. Соның ішінде «Менің Отаным - Қазақстан», «Жас турист - 2016», «Жас тыңшы» атты, спорттық жартасқа өрмелеу бойынша жарыстары болды. Тәрбиеленушілер белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Алдағы уақытта бұданда жақсы,биік-биік  белестерді бағындыратынына сенеміз. Осы оқушыларыммен бірге  туризм саласының кең етек жаюуына, дамуына өз үлесімізді қосамыз.Балаларымызға алдағы  уақытта тек қана жеңіс тілейміз. Денсаулық зор байлық демекші деніңіз сау болсын десеңіз,спортпен айналысып,салауатты өмір салтын ұстанайық!

 

                                          «Туризм» үйірмесінің жетекшісі: Шешхан Аманбек

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст