"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде оқушыларда патриотизмді, азаматтылықты, толеранттылық түсінігін тәрбиелеу

20.04.2017

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде оқушыларда патриотизмді, азаматтылықты, толеранттылық түсінігін тәрбиелеу

 

«Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ

шаңырағымыздың ұлттық идеясы».

 

Н.Ә.Назарбаев

 

Бүгінгі күннің ер балалары мен қыздары болашақта тек өз жақындарының ғана тірегіне айналып қана қоймайды. Олар - еліміздің болашақ тірегі. Мектеп, ата-аналар, қоғам өз Отанын қорғай алатын, өз еңбектерімен, білім және дарындарымен оның байлығын молайтатын азаматтар мен патриоттарды өсіруі тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның жағдайында патриотизм, толеранттылық жаңа мағынаға ие болып отыр. Отанға деген сүйіспеншілік – елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну,  Отанының тарихын құрметтеп, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосуы. Еліміздің патриоттық сезімі жоғары, толеранттылық қағидасын бойына сіңірген жас ұрпаққа артар сенімі мол. Себебі, жас ұрпақтың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа да керек.

Әскери-патриоттық бағыттағы үйірме бұл өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар,

толеранттылық, демократизм мен өзаратүсіністік мәдениеті ұстанымдары негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады. Алғашқы әскери дайындық пәнінен болсын, әскери-патриоттық үйірмеден болсын, оқушылардың алар әскери білімін, әскер алдындағы даярлығын арттыруда маңызы зор. Әскери-пайтриоттық үйірме оқушыларға әскери дайындық негіздерін үйретумен ғана емес, сонымен қатар ұйыммен ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға, атаулы мерекелерге қатысуға да атсалысады.

Мұнда өскелең ұрпақты әскери қызметке дайындау және сыйластыққа тәрбиелеу, азаматтылықты,

патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, кәсіби маңызды сапаларды және конституциялық әрі әскери парызға адал болу қабілетін қалыптастыру, біздің халқымыздың, жерлестеріміздің өткен өмірлеріндегі батырлықтарына ұқыппен қарауға тәрбиелеу негізге алынады. Үйірмеде жастардың әскерге шақыртуға дейінгі дайындықтың негізінде отандық қаруларды атып үйрену және практика жүзінде пайдалана білу жөніндегі білімдеріне ерекше көңіл бөлінген. Үйірмеге қатысушылар арнайы дайындықтарды және қоян-қолтық ұрыс өнерін бар ынта-жігерлерімен үйренеді. Балалар тек мергендік ғана емес, сонымен қатар шетел әскерлерінің қару-жарақтарымен танысады, көздеу әдістерін қалыптастырады және ату кезіндегі техника қауіпсіздігін оқып үйренеді. Оқушылар

Қазақстан тарихын үлкен ынтамен оқиды, батырлардың образдарымен, сол сияқты қазақ халқының ежелден бері жалғасып келген әскери дәстүрлерімен, ұлттық мәдениеттің әліппесімен танысады.  «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзені. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», - деп елбасымыз атап өткендей, егер де, біз, оқушылардың патриоттық сезімдерін оята білсек, жастардың көкейіне патриотизм туралы ой салып, үлгі көрсетсек, сонда ғана заманымызға сай, қоғамға қажетті отансүйгіш азаматты тәрбиелей аламыз.

 

БШҮ әскери-патриоттық үйірмесінің жетекшісі

Жарқынов Данабек

 

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст