"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің отбасым-менің қуанышым"ойын-сауық бағдарламасы

20.09.2022

 

2022 жылдың 09 қыркүйек айында Балалар- жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Менің отбасым-менің қуанышым» атты отбасы күніне арналған ойын - сауық бағдарламасы өткізілді. Іс-шараға БЖШО  тәрбиеленушілері де, олардың ата-аналары да белсенді қатысты. Мереке бағдарламасына түрлі ашық ойындар кірді. Іс-шара барысында оқушылар тапқырлық, бір-біріне достық қарым-қатынас танытуды үйренді. Жыл сайын Қазақстанда Отбасы күні белгілі бір ұранмен өтеді. Бұл күні бүкіл ел бойынша мерекені өткізуге мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау органдарының өкілдері қатысады. Мерекені жыл сайын өткізудің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру болды.

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст