Міне, Алтын күз келіп жетті! Күз – керемет суретші, ол кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнайды. Бір ағашта сіз сары, қызғылт сары, күлгін жапырақтарды да таба аласыз. Бұл түстер байлығы нағыз суретшілерді де қызықтырады. "Арман" аула клубында дәстүрге айналған "Күздің сиқырлы сандықшасы" атты байқау өтті. Байқауда балалар өздері және өз мүдделері туралы Таныстыру кезеңінде айтса, басқа кезеңдерде Шығыс қыздарының жүрісі ең әдемі әрі әсем екенін көрсете білді. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар зияткерлік конкурсқа қатысып, барлық сұрақтарға лайықты жауап берді және өздерінің таланттарын да көрсете білді: ән айтты, би биледі, өлең оқыды, сурет салды, мүсіндеді. Мереке көңілді және креативті өтті. Барлық қатысушылар номинациялармен және сыйлықтармен марапатталды.