2022 жылдың 16 қарашасында Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында, орталық директоры К. Б. Қалиевтің, Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция капитаны З. Г. Жеңісованың, ОМПС әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың инспекторы полиция аға лейтенанты И. М. Алпысбаеваның және шығармашылық орталығының аға әдіскері А. Б. Садықованың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.
Ата – аналар жиналысының тақырыбы: "Бала мен ата-ана құқықтары". Іс-шара "Бала құқықтары - адам құқықтары" атты республикалық онкүндік шеңберінде өткізілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
Баланың құқықтарын қорғау, оны мұғалімдердің білім беру қызметінде және ата-аналардың қоғамда сақтауын қамтамасыз ету; Табысқа жету үшін жағдай жасау, өмір нормаларына, мінез-құлық ережелерін сақтауға, қалыптастыруға көмектесу;
Ата-аналарды бала құқықтары туралы Конвенцияда, ҚР заңнамалық актілерінде жарияланған баланың негізгі құқықтарымен таныстыру.
Іс-шараға ата-аналар белсенді қатысты. Орталықтың педагог-ұйымдастырушысы Г. Н. Баймулдина "Мінсіз бала – Мінсіз ата-ана" тренингін өткізді. Сауалнама барысында ата-аналар мінсіз бала мен ата-ананың сипатын талқылап, нәтижесінде мінсіз бала мен мінсіз ата-ана жоқ деген ортақ шешімге келді. Полиция капитаны З. Г. Жеңісова ата-аналарды ҚР Әкімшілік кодексінің баптарымен таныстырып, Жасөспірім және заң, жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыбында әңгіме өткізді. Соңында ата – аналар мен балаларға арналған "Бала құқықтары - адам құқықтары" тақырыбындағы жадынамалар таратылды.