"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне арналған Шағын - футбол.

21.12.2022

Футбол - тек ойын ғана емес.
Футбол - бұл қуаныш, бұл рахат!
Шағын футбол - бұл ережелердің қарапайымдылығымен, қол жетімділігімен және демократиясымен ерекшеленетін ұжымдық спорттық ойын және қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. Шағын футболдың тартымдылығы - ережелердің қарапайымдылығы, ойындар өткізуге арналған бөлмелер мен алаңдардың қол жетімділігі, ең алдымен, футболдың танымалдылығымен байланысты. Шағын футбол - бұл енді бой көтеріп келе жатқан, жас спорт түрі. Ол әлемдегі ең танымал спорт түрі – футболдың артықшылықтарын сақтай отырып, қатысушыларға көтеріңкі көңі күй сыйлайды.
13 қыркүйекте "Арман" аула клубында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шағын футболдан турнир өтті. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі арасындағы турнир өте қызықты әрі тартысты өтті.
Іс-шара салтанатты ашылудан басталды, онда ОӘДО директоры Қалиев Қазбек Боранбайұлы командалармен амандасып, құттықтау сөздерін айтты. Турнир бойы спортзалда спорттық толқулар, үзіліссіз күрес атмосферасы болды. 
Турнир қорытындысы бойынша балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының командасы жеңіске жетті, екінші орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді. Сондай - ақ, Дятлов Кирилл - "Үздік қақпашы", Вагизов Владислав - "Үздік шабуылшы", Жетпісбай Тамерлан - "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша  марапаттар берілді.
Біздің жігіттер қол жеткізген нәтижелерге тоқталмайды деп үміттенеміз. Қарсыластар қақпасына мүмкіндігінше көп гол соғуды тілейміз!

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст