Текст
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы "Жас қанат - Жас ақын" үйірмесінің тәрбиеленушісі Елеш Нұрғиса - Қызылорда қаласында өткен, қазақ ақыны Жарасқан Әбдірашевтың туғанына 75 жыл толуына арналған, "Көктем нұры" атты республикалық оқушылар айтысында, Махамбетқали Тұрсанов атындағы "Түре айтыстың тарланы" арнайы жүлдесін иеленді. Жас айтыс ақынын шын жүректен құттықтаймыз!