Текст
2023 жылдың 1-мамырында Макинск қаласының орталық алаңында, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара аясында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама барысында аудан балалар асфальтта сурет салып, қызықты ойындарға қатысып, мерекеде көңілдерін көтеріп қана қоймай естелік сыйлықтармен марапатталды.