9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
9 - мамыр күні, Макинск қаласы орталық алаңында өткен мерекелік іс-шара аясында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен дала шатырында әскери мұражай орналасты. Аудан тұрғындары мен қонақтары Бұланды ауданының тарихи-өлкетену мұражайындағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!