"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жазғы демалысты ұйымдастыру алдындағы дайындық" аудандық семинары

25.05.2023

   2023 жылдың 25 мамырында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен, балалар қозғалысының үйлестірушілері мен өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін «Жазғы демалысты ұйымдастыру алдындағы дайындық» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға Макинск қаласы мен ауылдық округтердің көшбасшылары мен үйлестірушілері қатысып, пайдалы ақпараттар мен қызықты идеялар алды.

  Атап өтсек, семинар барысында БЖШО педагог-ұйымдастырушылары Дудникова И.В. «Демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, жұмыспен қамту және демалудың тиімді түрлері» тақырыбында баяндама оқыса, Баймулдина Г.Н. өз баяндамаларында «Жазғы лагерь жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі инновациялық технологиялар» және «Балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбын кеңінен тарқатты. Сонымен қатар, көркемсурет үйірмесінің жетекшісі Фогель Э.Б. «Креветка» мастер-классын өткізсе, театр үйірмесінің жетекшісі Моргунова Н.В. "Эмоциялар арқылы сезімдерді білдіру" актерлік шеберлігі бойынша өзін-өзі басқару көшбасшылары арасында тренинг өткізді. Семинар соңында қатысушылар С.В. Кухаревтің ұйымдастыруымен өткен спорттық ойындар мен эстафетаға қатысып, бой жазды.

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст