Текст
Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығына қарасты "Арман" аула клубында, балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 1 маусымнан бастап жазғы лагерь жұмыс жасап келеді. БЖШО мен №2 ОМ ұстаздарының бастамасымен күн сайын жазғы лагерьде өз уақытын өткізіп жүрген балалар, "Жазғы лагерьде уақытты қалай өткіздім", "Жаз - ең керемет кезең", "Менің сүйікті жанұям" және т.б. әртүрлі форматтағы қызықты ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, көңілді уақыт өткізіп жүр.