Текст
"Арман" аула клубы жанындағы жазғы лагеріміз өз жұмысын жалғастыруда. Біздің ұстаздарымыз балалардың жазғы демалысын барынша қызықты, көңілді әрі пайдалы өткізу үшін күнделікті әртүрлі форматта іш-шаралар ұйымдастыруда. Біздің жоспарымызда тек ойын-сауық, таңғы жаттығулар және эстафеталар ғана емес, сонымен қатар табиғат аясындағы серуен-демалыстар да бар.