«Жас қанат» жас ақындар үйірмесі "Төрт тоқсан - Төрт өнер" жобасы аясында Тұрсынбек Какишовтың атындағы жалпы білім беретін орта мектепте "Айтыс" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. . Жетекшісі Хавылхан Елеш айтыс туралы балаларға түсіндірме жасаса, ал балалар әр түрлі тақырыптағы өз өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, үйірме тәрбиеленушілері ақындардың өлеңдерін оқып, домбырам ән айтып өз өнерлерін ортаға салды. Тәрбие сағатының құрметті қонағы ауданымызға танымал ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Тілдерді оқыту орталығының басшысы, Бұланды ақпарат газетінің тілшісі Заңдыбай Жайнарбек балалармен айтыс өнері жайлы өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.
Алтынды мектебіне "Бұланды құтты мекен" атты ақындар антологиясы, сыйға тартылды.