"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 
Государственное коммунальное казённое предприятие "Центр детско-юношеского творчества города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық облыстық мектепаралық пікір-сайыс турнирі

06.03.2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  

мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында   

  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдерұйымының кубогына

арналған мектеп арналған  ашық облыстық

мектепаралық пікір-сайыс турнирі  

      2018 жылдың 2-4 наурыз аралығында Көкшетау қаласында Облыстық оқу-әдістемелік орталығы, Ақмола облысының білім басқармасы, «Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған мектеп арналған ашық облыстық мектепаралық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

      Аталған іс-шара Ақмола облысында пікір-сайыс қозғалысын әрі қарай дамытып, әрі ұшқыр ойлы жасөспірімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жасөспірімдер өз мүмкіншіліктерін дамытып, өз құндылықтарын насихаттап, ең бастысы пікір-сайыспен айналысуға деген қызығушылықтарын

арттырып, ой-өрістерінің дамуына ықпалын тигізеді.

      Пікір-сайысқа облысымыздың аудандары, Степногорск, Көкшетау қаласынан қазақ, орыс тілінде көп

топтар қатысты. Турнирде, латын әліпбиіне көшу, агроөнеркәсіп кешенінің қарқыны, мектеп оқушыларының жүктемесі, мектеп оқушылары бойына ұлттық код сіңіру, мектепте үш тілде білім беру тақырыптарында пікір алмастырылды. Макин Балалар шығармашылық үйінен екі топ: қазақ лигасында «Орда» тобы – құрамында Сембаева Лунара, Қозыев Шыңғыс, орыс лигасында «Эверест» тобы – құрамында Аманғазина Аяулым, Нұрғалиева Дилназ қатысты.

      Турнирдің қорытындысы бойынша ең мықты топтар жүлделі орындарға ие болды. Біздің топтарымыз алғыс хаттармен марапатталды.

 

Гуля Сайлыбекқызы Нұрмағамбетова

 «Дебат» үйірме жетекшісі

 

 

 

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст